Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабы мен регламенттелген.Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуд іоблыстың, қаланың, ауданның, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
Осы Кодекске сәйкес, жеке және заңды тұлғалар жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органға қағаз жүзінде немесе "Электрондық үкімет" веб-порталы болмаса Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш бере алады.
Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын жер комиссиясының қорытындысы негізінде қабылданады.
Қызмет көрсету – тегін.