2015 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 18-03/106 бұйрығымен балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың бағалы түрлерінің тізбесі айқындалған.
Аталған тізбеден Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарында жыл сайын балық аулау лимиттері бөлінетін 10-ге жуық кәсіпшілік балық түрлері мекендейді (көксерке, сазан (тұқы), шортан, нәлім, алабұға, торта, мөнқе, аққайран, табан, оңғақ).
Сондай-ақ, Ертіс өзенінде сирек кездесетін Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген Ақбалық- пен Сібір бекіресі және жыл бойы аулауға тыйым салынған Сүйрік балығы (2015 жылғы 24.07. ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. № 190 бұйрығы) мекендейді.