«Балық аулау ережесінің» 20-тармағына сәйкес(ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-04/148 бұйрығымен бекітілген)Павлодар облысының аумағында әуесқойлық балық аулауға барлық балық шаруашылығы су айдындарында рұқсат етілген. Алайда, келесі шарттар бар:
- резервтік су айдындарында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады;
- бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес жүзеге асырылады..
Сонымен қатар, Павлодар облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 ақпандағы № 39/1 Қаулысымен Павлодар облысының балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілді, оған 217 су айдыны енгізілді(балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі қосымшада).Оның ішінде: өзендер – 5, көлдер – 157, тармақтар – 24, шығанақтар – 26, су арналары – 1, су қоймасы – 4. Ең үлкен балық шаруашылығы су айдындары бар аудандар Аққулы(28 су айдыны),Тереңкөл(28 су айдыны)және Ақсу қаласы(31 су айдыны)болып табылады.