2015 жылғы 24 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. № 190 бұйрығына сәйкес мекендейтін жерлерінің (таралу аймақтарының) географиялық, климаттық ерекшеліктерін ескере отырып балық ресурстарын және басқа да су жануарларын сақтау және молықтыру мақсатында шектеулер мен тыйымдар енгізіледі.
Осы бұйрыққа сәйкес Павлодар облысының дала, тұщы су айдындарында, Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік шекарасынан Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасына дейінгі аралықтағы Ертіс өзенінде және оның жайылмалы су айдындарында 15 сәуірден 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулаудың барлық түрлеріне және балықтардың барлық түрлік құрамына тыйым салынады.
Бекітілген балық шаруашылығы учаскелерінде торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлерін әуесқойлық (спорттық) балық аулауды қоспағанда, барлық су тораптарын (су қоймаларын) қоса алғанда, Қаныш Сәтпаев атындағы каналдың барлық ұзындығы бойынша 15 сәуірден бастап 30 мамырды қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салынады.
Каналдың №1-ден № 8-ге дейінгі су тораптары бекітілген болғанына байланысты, бұл су тораптарда торта, табан, алабұға, мөңке және шортан балық түрлеріне әуесқойлық (спорттық) балық аулау рұқсат етіледі.