Жедел медициналық көмек шақырулары 4 шұғылдық санатына бөлінеді:
1) 1-ші шұғылдық санаты – науқастың өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдай, шұғыл медициналық көмекті қажет етеді;
2) 2-ші шұғылдық санаты – медициналық көмек көрсетілмесе, өміріне әлеуетті қауіп төнуі мүмкін жағдай;
3) 3-ші шұғылдық санаты – медициналық көмек көрсетілмесе, денсаулығына әлеуетті қауіп төнуі мүмкін жағдай;
4) 4-ші шұғылдық санаты – науқастың жедел ауруы немесе созылмалы ауруының асқынуы нәтижесінде пайда болған жағдай, бірақ кенеттен және айқын ағза мен жүйе қызметінің бұзылуынсыз, өмірі мен денсаулығына тікелей және әлеуетті қауіп төндірмейтін жағдай.
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың шақыру түскен сәттен бастап науқас орнына жету уақыты:
1-ші санат – 10 минутқа дейін;
2-ші санат – 15 минутқа дейін;
3-ші санат – 30 минутқа дейін;
4-ші санат – 60 минутқа дейін.
4-ші шұғылдық санатындағы шақырулар МСАК ұйымының құрамындағы жедел медициналық жәрдем станциялары (ЖМКС) бөлімшесінің деңгейінде фельдшерлік бригадалармен қамтамасыз етіледі.
Тіркелген халық саны 20 мың адамнан аз болатын алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек (АМСК) ұйымдарында 4-ші шұғылдық санатындағы шақыруларды орындау қызметін медициналық көмек көрсетуге лицензиясы бар медициналық ұйымдарға немесе денсаулық сақтау субъектілеріне аутсорсингке беру қарастырылады.