ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заң пәтер иесі мен кондоминиум объектісін басқару органы арасындағы жауапкершілік шекарасын нақты анықтайды.
Үйге ортақ инженерлік желілерді тиісті техникалық жағдайда ұстағаны үшін кондоминиум объектісін басқару органы жауапты болуға тиіс.
Осыған байланысты Сіз өзіңіздің пәтеріңіздегі төтенше жағдай туралы қызмет көрсететін ұйымдарға өтініш беруіңіз керек.
Қызмет көрсететін ұйым міндеттемелерді орындаудан бас тартқан жағдайда, Сіздің Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 8-бабына сәйкес сотқа жүгінуге құқығыңыз бар, тұрғын үй құқық бұзушылықтарынан туындайтын дауларды сот шешеді.
Сонымен қатар, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, шаралар қабылдауға міндетті.