Қатты отынға бір реттік әлеуметтік көмек алу үшін сіз келесі санаттардың біріне жатуыңыз керек:
1. 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және көп балалы отбасыларға-табысына қарамастан;
2. жүгіну сәтінде белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға.
Сондай-ақ, сіз тіркеліп, жеке секторда тұруыңыз керек.
Жоғарыда көрсетілген шарттарға сәйкес болған жағдайда Сізге әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жазбаша өтінішпен мынадай құжаттарды қоса бере отырып жүгіну қажет:
1. өтініш берушінің санатын растайтын анықтама;
2. тұрғын үйге меншік (пайдалану) құқығын растайтын құжат немесе жалдау шартының немесе тексеру актісінің негізінде.
3. пешпен жылытуды растайтын құжат (коммуналдық қызметтер үшін түбіртектер)
4. банкте шоттың болуы туралы хабарлама;
5. отбасының табысы туралы мәліметтер.