Үйді апатты деп тану үшін Сіз аккредиттелген үйді техникалық қадағалау және техникалық тексеру ұйымына баруыңыз керек, ол үйдің жағдайы туралы қорытынды жасауы керек.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің сайтында "техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізілімі" орналасқан, онда сіз ұйымды таңдай аласыз.
Аккредиттелген ұйымның қорытындысын алғаннан кейін Сіз "жалғыз тұрғын үйі апатты деп танылған азаматтар"санаты бойынша тұрғын үй алуға кезекке тұруыңыз керек.
Ол үшін сізге мұндай азаматқа электрондық түрде, өзінің ЭЦҚ кілті арқылы құқық белгілейтін құжаттарды:
- өтініш берушінің осы үйіне меншік құқығын растайтын сатып алу-сату, сыйға тарту шарты және т. б.),
- техникалық паспортты,
- жер учаскесіне акт,
- сондай-ақ аккредиттелген ұйымның үй апатты деп танылғандығы туралы қорытындысын салып электрондық форматта өтінім беру қажет.
Есепке қойылғаннан кейін тұрғын үй беру кезектілікке сәйкес жүргізіледі.