Егер сіз көппәтерлі құрылыстарда тұрмайтын тұтынушы болсаңыз, онда электр желісіне қол жеткізу үшін техникалық шарттарды алу үшін энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйымға жүгінуіңіз қажет.
Егер сіз көппәтерлі құрылыстарда тұрсаңыз, онда энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымға кондоминиум объектісін басқару органының уәкілетті өкілі жүгінуі тиіс.
Электр желілеріне қосылудың техникалық шарттары еркін нысандағы өтініш және өтінішке сұрау парағы негізінде беріледі.
Электр қондырғыларының белгіленген қуаты 5 МегаВатт және одан жоғары тұтынушылар сауалнама парағына жобалау қызметімен айналысуға лицензиясы бар мамандандырылған жобалау ұйымы әзірлеген тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасын қоса береді.
Тұтынушыны сыртқы электрмен жабдықтау схемасы желілеріне қосылу жоспарланып отырған энергия беруші және (немесе) энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан еркін нысанда өтініш алғаннан кейін жаңадан енгізілетін немесе реконструкцияланатын Электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
1) техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін - 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) техникалық жағынан күрделі объектілер үшін – 10 (он) жұмыс күні ішінде.