«Педагогтік қайта даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №110 бұйрығына сәйкес педагогикалық білімі жоқ кәсіптік білімі бар адамдар, тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне алғаш рет кірісетіндер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес «Педагогикалық ғылымдар» даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізуге «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңына сәйкес лицензиялары бар ЖОО базасында қайта даярлаудан өтуі тиіс, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 қазандағы № 569 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17565 болып тіркелген).