Сіз, кәсіпкер ретінде, жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінішпен облыстың кәсіпкерлік басқармасына жүгінуіңіз қажет, оған келесі құжаттарды қоса бересіз:
- бизнес-жоспар;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы №129 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асыруды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық - экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның техникалық негіздемесі;
- жобалық-сметалық құжаттамасы;
- шағын және орта бизнес нысанының жобалық - сметалық құжаттамасы;
- шағын және орта бизнес объектісінде орындалған жұмыстардың актілері;
- жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу кезінде жұмсалған шығындарға төленетін шот- фактуралар.