Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК): Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, босқындар, шетелдіктер және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар ала алады.
Олардың жан басына шаққандағы орташа табысы ағымдағы тоқсанда бекітілген кедейлік шегінен аспауға тиіс.
АӘК алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне жүгіну қажет.
Сондай-ақ, электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда үйден шықпай-ақ «электрондық үкімет порталы» (ЭҮП) арқылы өтінім бере аласыз.
Интернетке қолжетімділігі жоқ адамдар үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, карьерлік орталықтардың, облыстың қалалары мен аудандарының ауылдық округтерінің әкімдіктерінің жанынан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары ұйымдастырылды.
Өтініш берген кезде сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет.