Қоныс аударушыларға қандай материалдық көмек көрсету қарастырылған? Материалдық көмекті қалай алуға болады?

    Павлодар облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Қоныс аударушыларға қандай материалдық көмек көрсету қарастырылған? Материалдық көмекті қалай алуға болады?

    Жауап

    Материалдық көмек алу үшін сізге бірінші кезекте қоныс аударушыларды/қандастарды қабылдаудың аймақтық квотасына енгізу үшін өтініш беру қажет:

    1. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация)

    2. «Migration.enbek.kz» порталы

    3. «Электрондық үкімет» Веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал)

    Қоныс аударушыларға арналған құжаттар тізбесі:

    1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;

    2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

    3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);

    4) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);

    5) жұмыс іздеп жүрген және (немесе) жұмыссыз адамды тіркеу туралы құжат;

    6) отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);

    Қандастарға арналған құжаттар тізбесі:

    1) өтініш берушінің (сәйкестендіру үшін) және оның отбасы мүшелерінің (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен жеке басын куәландыратын құжат;

    2)неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

    3) туу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

    Сізді қоныс аударушыларды/қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізгеннен кейін, сіз келесі көмек алу үшін өңірлік квотаға енгізілген сәттен бастап алты айдан кешіктірмей өтініш беруіңіз қажет:

    1) көшуге арналған субсидиялар отбасының басшысына және әрбір мүшесіне бір жолғы 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде төленеді. Субсидия алу үшін Сіз www.migration.enbek.kz порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электронды түрде өтініш беруіңіз керек. Өтінішке электрондық-цифрлық қолтаңбаңызбен (ЭЦҚ) қол қоясыз немесе куәландырасыз.

    Портал арқылы берілген өтінішіңіз өтініш түскен күні тіркеледі. Мансап орталықтары екі жұмыс күні ішінде Тізбені еңбек ұтқырлығы орталығына жібереді.

    Еңбек ұтқырлығы орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көшуге субсидиялар беру туралы шешім шығарады, сондай-ақ өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

    2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар тұрғын үй сатып алғанға дейін ай сайын, бірақ 15-тен 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде он екі айдан аспайтын мөлшерде беріледі. Өтініш бересіз, өтінішке келесі құжаттарды қоса бересіз:

    1) Екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттың нөмірі;

    2) тұрғын үй-жайды жалдау шарты.

    3) ипотекалық бағдарлама шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде тұрғын үй сатып алуға, салуға немесе ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаға арналған экономикалық ұтқырлық сертификаты тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен аспайды.

    Ақшалай төлемді алу үшін өтінішті келесі құжаттармен (көшірмелері мен түпнұсқалары) қоса бересіз:

    1) үй сатып алу кезінде:

    - сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама,

    - экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50% мөлшерінде болжамды мәмілені жүзеге асыруға не сатып алынатын тұрғын үйдің қалған құнын төлеуге арналған меншікті қаражаттың болуын растайтын құжаттар;

    2) тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна кезінде - Екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдағанын растайтын құжат;

    3) тұрғын үй салу кезінде:

    - жеке тұрғын үй құрылысына және/немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесінің меншігінде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында болуын растайтын құжат,

    - экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50% мөлшерінде тұрғын үй салуға арналған қаражаттың болуын растайтын құжаттар.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Киберқауіп дегеніміз не және оны алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?

    Жауап

    Киберқауіп – бұл ақпараттық жүйелерге, компьютерлік желілерге, электрондық ресурстарға және деректерге әсер етуі мүмкін кез келген қауіпті жағдай, әрекет немесе фактор. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл біреудің жүйені бұзуға, ақпаратты ұрлауға, деректерді бүлдіруге, қызметтің жұмыс...

    Сұрақ

    Азаматтардың дербес деректерін қорғау үшін мемлекеттік органдар қандай шаралар қабылдауға міндетті?

    Жауап

    Мемлекеттік органдар олармен жұмыс істеудің барлық кезеңдерінде азаматтардың дербес деректерін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті. Бұл дербес деректерді бөгде адамдар оларға заңды негіздерсіз қол жеткізе алмайтындай, өзгерте алмайтындай, жойыла алмайтындай немесе таратыла алмайты...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деген не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздік деректерді, ақпараттық жүйелерді және техникалық инфрақұрылымды ішкі және сыртқы қатерлерден қорғайтын ақпаратты қорғаудың осындай жай-күйін білдіреді. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл бөгде адамдар ақпаратқа қол жеткізе алмауы кер...

    Сұрақ

    Павлодар облысының аумағындағы бос жерлердің тізімін қайдан көруге болады?

    Жауап

    Бос жер учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 43-бабына сәйкес ашық қолжетімділікте орналастырылады. Онымен Павлодар облысы әкімі аппаратының ресми сайтында мемлекеттік органдардың - gov.kz. интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында танысуға болады https...

    Сұрақ

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі - ӘМАТ) тізіміне қандай өнімдер кіреді?

    Жауап

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) тізімі мемлекет бағаны бақылауды жүзеге асыратын негізгі азық-түлік өнімдерін қамтиды. Оған мыналар кіреді: 1. Күріш тазартылған; 2. Қарақұмық жармасы; 3. Бірінші сұрыпты бидай ұны; 4. Бірінші сұрыпты ұннан жасалған бидай наны;...

    Сұрақ

    Мемлекет инженерлік желілерді тарту үшін жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) әзірлеу ақысын төлей ме?

    Жауап

    Мемлекет жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу ақысын төлемейді. Бұл шығындарды кәсіпкер өз қаражаты есебінен өтейді. Мемлекеттік қолдау, егер жоба белгіленген шарттарға сәйкес келсе, тек құрылыс-монтаждау жұмыстарына, яғни бизнес объектісіне и...

    Сұрақ

    Бизнес объектісіне инженерлік желілерді тартуды мемлекет мақұлдауы үшін менің инвестицияларымның көлемі қандай болуы керек?

    Жауап

    Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды (жолдар, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және басқа да желілер) тарту түріндегі мемлекеттік қолдау, егер аталған жұмыстардың құны Сіздің инвестициялық жобаңыздың құнының 50%-ынан аспаса, ұсынылады. Бұл ереже бюджеттік шығыстардың жек...

    Сұрақ

    Мен митинг немесе пикет ұйымдастырғым келеді. Ол үшін не қажет?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар өткізуге құқылы. Митингілерді, пикеттерді және басқа да бейбіт жиналыстарды өткізу хабарлама беру тәртібімен, жергілікті атқарушы органмен келісу арқылы жүзеге асырылады....