Иә төленеді, егер сіздің «жұмыссыз» мәртебеңіз болса, жұмысыңызды жоғалту төлемін ала аласыз.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 айдан 6 айға дейін, төлем мөлшері-міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың орташа айлық мөлшеріне және өтіліне байланысты болуы мүмкін.
Жұмыссыз мәртебесін алу үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына немесе Enbek.kz порталы арқылы жүгіну арқылы жұмыссыз ретінде тіркелу қажет.
Жұмыссыз ретінде тіркелу арқылы сіз жұмыспен қамтуды қолдау және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау бойынша келесі мемлекеттік шараларды ала аласыз:
1. қолайлы жұмыс орындарын табу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
2. мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына жіберу;
3. жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
4. бастапқы бизнесті дамытуға арналған грант.
Адам жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мансап орталығы арқылы мынадай құжаттармен жүгіне аласыз: 1) өтініш, 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі.
Сондай ақ Enbek.kz порталы және «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы хабарласуға болады, онда азаматтың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы жеткілікті.
Мыналар жұмыссыздар ретінде тіркелмейтінін назарларыңызға жеткіземіз:
- он алты жасқа толмаған
- жұмыспен қамтылғандар - мүлікті пайдаланудан, тауарларды өндіруден, сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызмет көрсетуден табыс алатын жеке тұлғалар
- зейнеткерлік жасқа жеткендер
- жұмыс пен табыстың (табыстың) жоқтығы туралы жалған мәліметтері бар құжаттарды, сондай-ақ басқа да дұрыс емес мәліметтерді ұсынған
- жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері
- сот шешімі бойынша түзеу жұмыстарына не қоғамдық жұмыстарға, сондай-ақ, егер бұл жаза шартты түрде тағайындалмаса, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталғандар