400 АЕК-ке дейін грант алу құқығы бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлап отырған қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде және «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы өтініш берген кезде мерзімі үш жылдан аспайтын электрондық сертификаты бар тұлғаларға беріледі.
Гранттар бір рет беріледі және нысаналы мақсаты бойынша, тек атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасы мүшелеріне, көп балалы отбасыларға, қандастарға, қоныс аударушыларға, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған адамдарға және мүгедек адамдарға, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алушыларға беріледі. Гранттар тұтыну мақсаттарына, кредиттерді өтеуге, жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерін сатып алуға берілмейді.
Конкурсқа қатысуға өтінім business.enbek.kz порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы беріледі. Қосымша құжаттар қажет емес.