Иә, сіз қосымша жер учаскесін сатып ала аласыз.
Жеке қосалқы шаруашылық үшін қосымша жер учаскесін ресімдеу egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, сіз «Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш беруіңіз керек.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 15 жұмыс күні (осы мерзімге жерге орналастыру жобасын дайындау мерзімі кірмейді).
Құжаттар тізімі:
- мәлімдеме,
- сұралып отырған жер учаскесінің сызбасы (жоспары).
Егер онлайн өтінім беруде қиындықтар туындаса, онда сіз Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) немесе ауыл, аудан, қала, облыс әкімдігі жанындағы азаматтарды қабылдау орталығына eGov.kz арқылы өтінім беру бойынша консультация алу үшін жүгінуіңіз қажет.