Жер учаскесінен ерікті түрде бас тарту үшін сізге жер учаскесінің иесі ретінде ерікті түрде бас тарту туралы жазбаша өтінішті нотариалды куәландыру қажет.
Әрі қарай, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша «Жер қатынастары бөлімі» ММ-ге өтінішпен және келесі құжаттармен бірге жүгіну қажет:
- нотариалды куәландырылған жазбаша өтініш,
- жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар (жерге мемлекеттік акт, шарт),
- Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ХҚКО) жер учаскесіне тіркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтама.
«Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы жер учаскесіне жеке меншік құқығынан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішіңіздің негізінде жер учаскесі иесіз жылжымайтын мүлік ретінде есепке қойылады. Осыдан кейін материалдар мемлекеттік меншікке қайтару үшін сотқа беріледі. Соттың оң шешімінен кейін жер учаскесінен құқықты тоқтату және кадастрлық нөмірді жою рәсімдері жүргізіледі.