Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану Жоспары не үшін жасалады?
Жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемге деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында жергілікті атқарушы органдар әзірлейді және жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарларды (бұдан әрі-жоспар) қаланың, ауданның өкілді органы бекітеді.
Жоспарларда ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы ақпарат, Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдарды белгілеу, жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары, мал айдау трассаларын, жайылым инфрақұрылымы объектілерін белгілеу және т. б. қамтылады.
Жоспар нормативтік құқықтық акт болып табылады.