ҚР Жер кодексінің 44-бабына сәйкес ЖТҚ үшін жер учаскелерін беруге сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жол беріледі.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.
ЖТҚ үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері арнайы есепке алынады және бөлінуге арналған алаңдарды дайындау шамасына қарай не ЖТҚ үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады (ҚР ЖК 44-1-бабы).
Облыс бойынша ЖТҚ үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандарды арнайы есепке алу үш қалада (Павлодар, Ақсу, Екібастұз) және екі ауданда (Баянауыл, Павлодар) жүргізіледі, облыстың қалған аудандарында ЖТҚ учаскелері өтініштердің түсуіне қарай бөлінеді.
Өз кезегіңізді жылжыту туралы деректерді бақылау үшін Сіз осы сілтемемен танысуыңыз керек (Каз:https://youtu.be/hrFl8ii45Yg,
Рус:https://youtu.be/m2wgAEG6e7k).