Елді мекендердегі жер учаскелері коммерциялық мақсаттар үшін аукциондарда gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында электрондық түрде беріледі. (ҚР АШМ 2021 жылғы 15 қазандағы № 297 бұйрығымен бекітілген. Мемлекеттік мүлік Тізілімінің веб-порталында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын электрондық түрде сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес).
Аукцион жеңімпазын анықтаудың басты критерийі қатысушылардың ағылшын сауда-саттық әдісі бойынша (бағаны көтеру үшін) ұсынған бағасы болып табылады.
Жоспарланған аукциондар туралы ескертулер www.gosreestr.kz. жергілікті атқарушы органдардың сайттарында және жер қатынастары бөлімдерінің және жер қатынастары басқармасының Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі беттерінде орналастырылады.