МДҰ-да балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейінің сақталуына бақылау жүргізіле ме?
Қызылша ошақтарын эпидемиологиялық тексеру шеңберінде балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейінің (кемінде 90%) сақталуына 2381 МДҰ-ға мониторингтік шығу жүргізілді.
Мониторинг қорытындысы бойынша 1041 МДҰ-да (44%) егумен қамтудың 90% шекті деңгейі сақтамалмайтыны анықталды.
Мониторинг нәтижелері бойынша аумақтық білім басқармаларына қызылша және басқа да вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.
Сондай-ақ, МДҰ-ның басшыларымен және медицина қызметкерлерімен инфекциялардың алдын алуда вакцинацияның маңыздылығы және профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.