АПВ вирусы қалай беріледі?
Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:
1) тұрмыстық байланыс тәсілмен.
АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге барған кезде мұқият болу керек.
2) жыныстық қатынас арқылы.
Жыныстық жолмен берілетін вирустардың онкогендік түрлері жыныс мүшелерінде орналасқан сүйелдерді тудырады.
3) туылған кезде тік жолмен.
Вирус туу каналы арқылы өту кезінде анадан балаға беріледі. Сүйелдер көбінесе нәрестелерде өмірдің алғашқы жылдарында аузында немесе терісінде пайда болады.
4) өзіне-өзі жұқтыру арқылы. Көбінесе қырыну немесе эпиляция кезінде АПВ дененің бір аймағынан екіншісіне ауысады.