Не үшін маска тағу режимі қабылданды?
Ағымдағы жылдың қаңтар айында желтоқсанмен салыстырғанда COVID-19 ауруының 2,5 есе өсуі тіркелді (желтоқсандағы 187 жағдайдан қаңтардағы 477 жағдайға дейін). ЖРВИ ауруы өткен эпидемиологиялық маусымның осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,9% - ға өсті. Қызылшаның тіркелуі жалғасуда.
Ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялық аурулардың (қызылша, COVID-19 коронавирус инфекциясы, тұмау және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялар) алдын алудың қосымша шараларының бірі медициналық маскаларды пайдалану болып табылатынын ескере отырып, ағымдағы жылғы 8 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы қабылданды, соған сәйкес медициналық ұйымдарда персонал мен келушілер медициналық маскаларды пайдалануы қажет. Халық көп жиналатын орындарда (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-тары, банктер және т.б.) көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, авиа, теміржол) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдалану ұсынылады.