Вакцинация мәжбүрлі ме?

    ·
    Сұрақ

    Вакцинация мәжбүрлі ме?

    Жауап

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 85-бабының 4-тармағына сәйкес медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ, ҚР аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар міндетті профилактикалық егулер алуға міндетті.

    Бірақ вакцинацияға келісу немесе одан бас тарту құқығы қалады. Кодекстің 77-бабына сәйкес егілетін адамның (немесе оның заңды өкілінің) профилактикалық егуді алудан бас тартуға құқығы бар.

    Вакцинацияның басты мақсаты халықты тиімді вакциналар бар инфекциялық аурулардан қорғау болып табылады. Денсаулық жағдайына байланысты егуге болмайтын халықтың анағұрлым осал топтары, сондай-ақ жасы бойынша вакцинация сатысындағы балалар ерекше қорғауды талап етеді.

    Бұдан басқа, ҚР Конституциясының 29-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес ҚР азаматтарының денсаулығын қорғауға құқығы бар және заңда белгіленген тегін медициналық көмектік кепілдік берілген көлемін тегін алуға құқылы екендігі белгіленген.

    Сонымен қатар, ҚР Конституциясының 39-бабында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін деп көзделген.

    Осыған байланысты, халықты вакцинациялау міндеттілігі мәселесі республика азаматтарының денсаулығы мен өмірін инфекциялардың салдарларынан қорғау мақсатында адам құқықтарын шектей отырып іске асырылуы мүмкін.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының пандемиялық келісімді қабылдауымен келіспейтінімді білдіргім келеді. Менің ойымша, бұл біздің еліміздің егемендігіне тікелей қайшы. Көптеген мәліметтерге сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, сыбайлас жемқорлық жанжалдарында бірнеше рет байқалды, жақсы ниеті жоқ және барлық елдерге өз ережелерін мақсатты түрде жүктейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына сенбеймін және ДДҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы пандемиялық келісімге қол қоюға үзілді-кесілді қарсы екендігімді білдіремін. Пандемиялық келісімнің өзекті нұсқалары қандай ақпараттық ресурста жарияланады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Сіздің өтінішіңізді қарап, мынаны хабарлайды. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына (бұдан әрі - ДДҰ) мүше мемлекеттер пандемияның алдын алу, дайындықты қамтамасы...

    ·
    Сұрақ

    СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА СУДЫҢ САПАСЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУДЕ МЕ?

    Жауап

    Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық,...

    ·
    Сұрақ

    АПВ вирусы қалай беріледі?

    Жауап

    Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен беріледі:1) тұрмыстық байланыс тәсілмен. АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндер...

    ·
    Сұрақ

    Көкжөтел ауруының көбеюінің себебі неде?

    Жауап

    Көкжөтел жағдайларының өсуі жоспарлы вакцинацияны өткізіп алу және вакцинациядан бас тарту себебінен Ұжымдық иммунитеттің төмендеуімен байланысты. Сонымен қатар, көкжөтел иммундық емес топтардың, әсіресе балалардың жиналуымен байланысты әр 3-5 жыл сайын ауру деңгейінің циклдік өс...

    ·
    Сұрақ

    Соңғы үш айда Қазақстанда қанша адам көкжетелмен ауырды? Көкжөтел эпидемиясының қаупі қай аймақтарда байқалады?

    Жауап

    Елімізде Биыл жыл басынан көкжөтелдің 442 жағдайы тіркелді. Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың 89% негізінен вакцинацияланбаған балалардың есебінен тіркеледі. Бұл ретте, жоғары деңгей Астана қаласында, Қарағанды, Атырау, Алматы, Павлодар, Ақтөбе облыстарында байқалады.

    ·
    Сұрақ

    АПВ вирусы қалай жұғады?

    Жауап

    Адамнан адамға АПВ вирусы келесі жолдармен жұғады:1) тұрмыстық байланыс тәсілмен. АПВ қол алысу, сүйісу, терінің зақымдануы арқылы берілуі мүмкін. Вирус ылғалды ортада тез таралады, сондықтан қоғамдық орындарға – сауналарға, моншаларға, спортзалдарға, дәретханаларға, бассейндерге...

    ·
    Сұрақ

    Адам папилломасы вирусы деген не?

    Жауап

    Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 190-нан астам түрі белгілі, олардың кем дегенде 13-і қатерлі ісіктің дамуына әкеледі.АПВ негізінен жыныстық қатынас арқылы таралады және АПВ инф...

    ·
    Сұрақ

    МДҰ-да балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейінің сақталуына бақылау жүргізіле ме?

    Жауап

    Қызылша ошақтарын эпидемиологиялық тексеру шеңберінде балаларды жоспарлы профилактикалық егулермен қамтудың шекті деңгейінің (кемінде 90%) сақталуына 2381 МДҰ-ға мониторингтік шығу жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша 1041 МДҰ-да (44%) егумен қамтудың 90% шекті деңгейі сақт...

    ·