Адвокат/нотариус лицензиясын қандай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін?

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті

    Сұрақ

    Адвокат/нотариус лицензиясын қандай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін?

    Жауап

    Адвокаттықлицензия:

    • адвокат мемлекеттік қызметте болған;
    • ол Қазақстан Республикасының Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін, тұрақты немесе жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған;
    • адвокат мерзімді әскери қызметті өткерген;
    • адвокат өз қызметін адвокаттар алқасына берілген өзінің өтініші негізінде тоқтата тұрған кезеңде тоқтатыла тұрады.

    Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензияның қолданысы мынадай жағдайларда көрсетілген мерзімге:

    • адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру туралы іс бойынша іс жүргізу қозғалғанда – шешім қабылданғанға дейін;
    • адвокатты қылмыстық-процестік заңға сәйкес қылмыс жасауда айыпталушы деп танығанда – үкім заңды күшіне енгенге дейін;
    • біліктілікті арттырудан өту мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам уақыт дәлелсіз себеппен бұзғанда не оны өтуден бас тартқанда – бұзушылық жойылғанға дейін, бірақ 3 айдан аспайтын мерзімге;
    • адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету сапасының өлшемшарттарына сәйкес келмейтін, мемлекет кепілдік берген заң көмегін жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан да көп рет) көрсеткенде – 6 айға;
    • «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік 12 ай ішінде 3 және одан да көп рет) бұзғанда – алты айға;
    • коммерциялық ұйымның байқаушы кеңесінің құрамына кіру, дауды шешу үшін тиісті төреліктің төрешісі болып сайлану немесе тағайындалу, сондай-ақ оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда, адвокат кәсіптік қызметпен қатар кәсiпкерлiк немесе өзге де ақы төленетін қызметпен де айналысқанда – 6 айға тоқтатыла тұрады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңна...

    Сұрақ

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары қандай?

    Жауап

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеуді қандай органдар жүзеге асырады?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241 - VІ Қазақстан Республикасының Заңымен коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалард...

    Сұрақ

    Атқарушылық iс жүргiзу қатысушылары кімдер? Олардың құқықтары мен мiндеттерi қандай?

    Жауап

    Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышке...

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысы деген кім?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі же...

    Сұрақ

    Сыйға тарту шартын жоюға бола ма?

    Жауап

    Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактіс...

    Сұрақ

    Мүгедектермен нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың тәртібі қандай ?

    Жауап

    Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасау...

    Сұрақ

    Нотариаттық әрекеттер қайда жасалады?

    Жауап

    Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 2т.).