Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары қандай?

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті

    Сұрақ

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары қандай?

    Жауап

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады.

    Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен кейін тұрғылықты жері бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына тиісті әділет аттестаттау комиссиясына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары арқылы аттестаттауға жіберу туралы өтініш жібереді.

    Құжаттар топтамасы тиісінше ресімделмеген не толық ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, өтінішті ол ұсынған құжаттармен бірге қарамастан қайтарады.

    Егер үміткер осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады. Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге дәлелді шешім жібереді.

    Аттестаттауға жіберуден бас тартуға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    Аттестаттауға жіберілген үміткерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары аттестаттау өткізілетін орын, күні, уақыты, тәртібі туралы ол өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.

    Аттестаттауды нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізеді.

    Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

    1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тест тапсыру; 2) емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырманы орындау.

    Үміткер өз таңдауы бойынша тестілеуден қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.

    Тестілеу компьютерлік техниканы пайдалана отырып жүргізіледі.

    Аттестаттау нәтижелері бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей аттестаттау туралы не аттестаттамау туралы дәлелді шешім шығарады.

    Комиссияның аттестаттау туралы шешімі шығарылған сәттен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

    Әділет аттестаттау комиссиясының шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    Аттестаттаудан өту кезінде үміткердің анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануына жол берілмейді. Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда әділет аттестаттау комиссиясы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткерді аттестаттаудан шеттетеді.

    Аттестаттаудан шеттетілген үміткер нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап үш ай өткен соң осы Заңда көзделген тәртіппен аттестаттауға жіберу туралы қайта өтініш беруге құқылы.

    Аттестаттауға дәлелді себеппен келмеген үміткер осы баптың 5-тармағында көзделген тәртіппен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына әділет аттестаттау комиссиясының келесі отырысына шақырылады.

    Үміткер қайтадан келмеген жағдайда оның өтініші қаралмайды және ол ұсынған құжаттармен бірге қайтарылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңна...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеуді қандай органдар жүзеге асырады?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241 - VІ Қазақстан Республикасының Заңымен коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалард...

    Сұрақ

    Атқарушылық iс жүргiзу қатысушылары кімдер? Олардың құқықтары мен мiндеттерi қандай?

    Жауап

    Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышке...

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысы деген кім?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі же...

    Сұрақ

    Сыйға тарту шартын жоюға бола ма?

    Жауап

    Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактіс...

    Сұрақ

    Мүгедектермен нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың тәртібі қандай ?

    Жауап

    Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасау...

    Сұрақ

    Нотариаттық әрекеттер қайда жасалады?

    Жауап

    Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 2т.).

    Сұрақ

    Нотариус лицензиясын қандай жағдайларда тоқтатыла тұруы мүмкін?

    Жауап

    Нотариалдық қызметтөмендегі жағдайларда 6 айға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрады: нотариаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиядан айыру жөнiнде талап қою іс жүргізуі қозғалған; прокурор қылмыстық іс бойынша нотариусқа қатысты айыптау актісін, қылмыстық теріс қылық ту...