Жеке сот орындаушысы деген кім?
Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы жеке сот орындаушысы болып табылады.
Жеке сот орындаушысы өзінің лауазымдық міндеттерін өз атынан және жауапкершілігімен орындайды. Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу сомаларына салық салу Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.