Қалай адвокаттық қызметке тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Атырау облысы Әділет департаменті

    Сұрақ

    Қалай адвокаттық қызметке тағылымдама мен аттестаттаудан өтуге болады

    Жауап

    Адвокаттық қызметке лицензияны алу үш кезеңде жүргізіледі, ол қажетті дағдыларды игерілетін тағылымдаманы, аттестаттауды және лицензияларды тікелей алуды қамтиды.

    Адвокаттық қызметке лицензияны алу үшін тұлға тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы ерікті нысанда өтініш жазу арқылы адвокаттар алқасының президиумына жүгінеді.

    Тағылымдамадан өтуге рұқсат беру туралы өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

    • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
    • жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (дипломның түпнұсқасын салыстыру үшін бермеген жағдайда нотариалды куәландырылғаны көшірмесі);
    • өз қолымен жазылған өмірбаян;
    • заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшасы немесе басқа құжат;
    • тағылымдамадан өтуге өтініш білдірген тұлғаның тұрғылықты жері бойынша наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден анықтама;
    • соттылығы туралы анықтама.
    • 3х4 см көлеміндегі екі бейнесурет;
    • Мамандарды есепке алу іс-парақшасы.

    Тағылымдамадан өтуді жеке ережеде регламенттелген. Оған сәйкес, тағылымдама 5 жылдан кем емес адвокаттық қызметі бар адвокаттың басшылығымен жүргізіледі. Тағылымдама ұзақтығы 6 айдан бір жылға дейінді құрайды.

    Тағылымдамадан өту ақылы түрде жүзеге асырылады, тағылымдамадан өтуді ұйымдастыру үшін төлем мөлшері және мерзімі шартта көрсетіледі. Тағылымдамаға төлем әрбір айға 10 АЕК көп емес мөлшерде белгіленген.

    Маңызды:Тағылымдамадан өтуші ретіндегі жұмыс кезеңі заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледі.

    Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту Аттестаттаудан өту Қағидасына сәйкес өткізіледі және оның алдында, аумақтық "электрондық үкіметтің" веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы әділет органға төмендегі құжаттарды жолдау керек:

    • "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетiлетiн ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында;
    • Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны.

    Сіздің құжаттар пакетіңіз арнайы Алқамен қаралады. Материалдарды қараудың қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға рұқсат берілгендігі немесе бас тартылғандығы туралы негізді шешімді шығарады. Аттестаттауды өткізу тегін өткізіледі.

    Бұдан кейін, Комиссия материалды қарастырып, аттестаттауға жіберу туралы шешімді қабылдағаннан кейін, аумақтық әділет органдары сізді аттестаттау орны, күні, уақыты, тәртібі туралы шешімді оны жүргізгенге дейін 10 күнтізбелік күн бұрын хабардар етеді.

    Әділет органдарда аттестаттау қажеттілігіне қарай жарты жылда 1 рет өткізіледі.

    Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.

    Аттестаттаудан өткеннен кейін келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Осы шешім 6 жыл ішінде әрекет ететін болады. Аттестаттан өтпеген жағдайда, сіз бір жылдан кейін қайта аттестаттан өтуге болады. Комиссия шешімін сот тәртібінде шағымдануға болады.

    Маңызды: Аттестаттау туралы шешім оны шығарғаннан бастап 6 жыл ішінде жарамды болып табылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекет кепілдік берген заң көмегі кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Құқықтық консультация беру, сондай-ақ соттарда, қылмыстық қудалау органдарында, өзге де мемлекеттік органдар мен мемлекеттік емес ұйымдарда жеке тұлғалардың мүдделерін қорғау және білдіру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңна...

    Сұрақ

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары қандай?

    Жауап

    Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды тестілеуді өткізу тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін қағидаларда айқындалады. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адам тағылымдамадан өткеннен...

    Сұрақ

    Заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік тіркеуді қандай органдар жүзеге асырады?

    Жауап

    "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241 - VІ Қазақстан Республикасының Заңымен коммерциялық ұйымдарға жататын заңды тұлғалард...

    Сұрақ

    Атқарушылық iс жүргiзу қатысушылары кімдер? Олардың құқықтары мен мiндеттерi қандай?

    Жауап

    Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышке...

    Сұрақ

    Жеке сот орындаушысы деген кім?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, уәкілетті орган берген атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) алған және Республикалық палатаға кірген, заңды тұлға құрмай-ақ атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі же...

    Сұрақ

    Сыйға тарту шартын жоюға бола ма?

    Жауап

    Егер сыйға тарту шартында сыйға тартушының, ол сыйды алушыдан кейін өмір сүрген жағдайда, сыйға тартудың күшін жою құқығы көзделген болса, нотариус сыйға тартушының жазбаша өтініші бойынша, БНАЖ арқылы "АХАЖ" тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінен сыйды алушының қайтыс болған фактіс...

    Сұрақ

    Мүгедектермен нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың тәртібі қандай ?

    Жауап

    Егер нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адам керең, мылқау немесе керең әрі мылқау болса, онда нотариаттық іс-әрекет жасау кезінде мәмілеге қатысушы керең, мылқау, керең әрі мылқау адаммен түсінісе алатын кез-келген адам қатысады және мәміленің мазмұны нотариаттық әрекет жасау...

    Сұрақ

    Нотариаттық әрекеттер қайда жасалады?

    Жауап

    Нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық кеңсенің үй-жайында, үй-жайдан тыс жерлерде де жасалуы мүмкін (ҚР Әділет министрінің «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 Бұйрығының 2т.).