Нотариалдық қызметпен айналасуға лицензия алу үшін тағылымдама мен аттестаттаудан өту қажет.
Нотариалдық қызметпен айналысу құқығына тағылымдамадан өту үшін нотариалды палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу қажет.
Бағдарламаның ұзақтығы бір жылдан кем емес мерзімді құрайды.
Тағылымдамадан өту кәсіби дайындықтың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сіз тағылымдамадан өткен нотариус тағылымдаманың аяқталуы бойынша тағылымдамадан кәсіби дайындықтың бағдарламасын орындауды көрсететін қорытындыны дайындайды. Қорытынды аумақтық әділет органының және нотариаттық палатаның бірлескен шешімімен 10 жұмыс күні ішінде бекітіледі. Тағылымдамадан өтуші кәсіби бағдарламаны толық емес игермеген жағдайда оған қосымша уақыт ұсынылады..
Нотариустар тағылымдамасы ақылы өтеді – 10 АЕК ай сайын.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы ( ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында " Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу " мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша жолдайды:
- Өтініш.
- Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны.
- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі.
Егер құжаттар пакеті толық болмаса немесе қате ұсынылса, сізді 5 жұмыс күн ішінде хабарлайды.
Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша білімді тексеру. Аттестаттауды қазақ тілінде де, орыс тілінде де өтуге болады.
Аттестаттаудан өткеннен кейін келесі күні Комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешімді шығарады. Комиссия шешіміне сіз сотқа шағымдана аласыз. Аттестаттан өтпеген жағдайда, қайта өтінішті кемінде 3 айдан кейін жібере аласыз.
Маңызды:Аттестаттау туралы Комиссия шешімі шығарғаннан бастап 3 жыл ішінде жарамды болып табылады