Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қалалар мен аудандардың әкімдіктері 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес 10 жылдан 49 жылға дейінгі жалдау құқығымен конкурстарда береді.
Алдағы конкурстар туралы хабарландырулар мерзімді баспасөз басылымдарында, жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, ақпараттық стендтерде және қалалар мен аудандардың жер қатынастары бөлімдерінің және жер қатынастары басқармасының Instagram және Facebook әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылады.