Әкімшілік рәсімді жүзеге асыру кезінде лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) қандай жағдайларда жүргізіледі?
Лауазымды адамға қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) егер ол:
- осы әкімшілік рәсімге әкімшілік рәсімге қатысушы немесе оның өкілі ретінде қатысқан болса;
- әкімшілік рәсімге қатысушының жақын туысы, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаты болып табылса;
- әкімшілік рәсімге қатысушыға қызметтік немесе өзге де тәуелділікте болса;
- жеке өзі, тікелей немесе жанама түрде әкімшілік істің нәтижесіне мүдделі не оның объективтілігі мен бейтараптығына күмән тудыратын өзге де мән-жайлар бар болса.