Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде жеке тұлғаға қандай мөлшерде әкімшілік айыппұл салынады?
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 425-бабына сәйкес - Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының, сондай-ақ адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқпаған гигиеналық нормативтердің, техникалық регламенттердің талаптарын бұзу-жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады .
Адам денсаулығына зиян келтіруге әкеп соққан іс-әрекет (әрекетсіздік), егер бұл іс-әрекетте (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса - жеке тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады .