«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 811-бабына сәйкес- әкімшілік құқық бұзушылық анықталған және оны жасаған адам анықталған кезде уәкілетті тұлға әкімшілік іс қозғайды, адамға жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын түсіндіреді және қажет болған жағдайда белгіленген үлгідегі түбіртекті тапсырады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен тіркелсе, адам белгіленген үлгідегі түбіртекпен айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген сәттен бастап жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төлеуге құқылы.
Жеті тәулік ішіндекөрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл төленген жағдайда іс мәні бойынша қаралды, шешім - заңды күшіне енді, ал адам - әкімшілік жауаптылыққа тартылды деп есептеледі.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.