Еңбек өтілін растау үшін растайтын құжаттар қажет. Ұйымда жеке құрам бойынша құжаттар қанша жыл сақталады?
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №184 бұйрығымен бекітілген сақтау мерзімін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде жасалатын үлгілік құжаттардың тізбесіне сәйкес, нормативтік емес құқықтық актілер, бұл жағдайда ұйым басшысының жеке құрам бойынша бұйрықтары (қабылдау, тағайындау, жұмыстан шығару туралы) 75 жыл сақталады. Ұйым таратылған жағдайда тарату іс шараларын жүргізу кезеңінде жеке құрам бойынша құжаттар ресімделеді және тиісті мемлекеттік мұрағатқа сақтауға беріледі.
Департамент бөлімініңжетекші маманыЗ.Березанская