Өтініш неше күн ішінде қаралады?
Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде (хабардар ете отырып) уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қайта жіберіледі.
Шағымды қарау мерзімі шағым түскен күннен бастап жиырма жұмыс күнін құрайды және 2 айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Өтініштерді, сұрауларды, жауаптарды, ұсыныстарды, хабарламаларды қарау мерзімі 15 жұмыс күнін құрайды.