Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе жаңадан кіретін азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді:
- Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеу;
- Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу;
- Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс.
Мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуіне арналған тестілеу. Бұл сынақтарды алдын-ала тапсыруға болады, олардың жарамдылық мерзімі-1 жыл.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарды қолма-қол тәртіппен, почта арқылы немесе хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электрондық түрде не "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Ережеге сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді мемлекеттік тілді және ҚР заңнамасын білуіне тестілеу үш бағдарламадан тұрады. Сіз таңдаған лауазым санатына сәйкес бағдарламаны таңдауыңыз керек. Осы тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулықпен МҚІА сайтында танысуға болады.