Кім адвокат бола алады ?
Адвокат қызметі- азаматтардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және әрекеттесу мақсатында «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы » Заңмен белгіленген тәртіпте адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заңдық көмек.
Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:
- жоғары заңдық білімі бар;
- адвокаттар алқасында алты айдан бір жылға дейін тағылымдамадан өткен;
- әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен;
- адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алғандар.