Мен түнде желдету жүйесінен шыққан шу туралы шағым бергім келеді. Айтыңызшы, мен оны қандай форматта беруім керек?

    ·
    Сұрақ

    Мен түнде желдету жүйесінен шыққан шу туралы шағым бергім келеді. Айтыңызшы, мен оны қандай форматта беруім керек?

    Жауап

    ҚР ӨК сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздердің бірі нақты негіздер мен растайтын дәлелдер болған кезде ҚР заңнамасының талаптарын бұзу бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады.

    Пәтердегі шу және (немесе) иіс деңгейін зертханалық-аспаптық өлшеудің нормативтерге сәйкес келмейтін нәтижелері дәлел бола алады.

    Мұндай зерттеулерді жүргізу үшін қаланың кез келген аккредиттелген зертханасына жүгіну қажет, өйткені "халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінің 47-бабына сәйкес жеке немесе заңды тұлғалардың өтініштері бойынша санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін олар қаржыландыруды қамтамасыз етеді және қажетті құжаттаманы ұсынады.

    Шудың рұқсат етілген деңгейінен асып кету тіркелген немесе ауада зиянды заттардың ШРК асып кетуі анықталатын нәтижелер алынған жағдайда, осы құжаттармен Сіз СЭБ департаментіне немесе аумақтықСЭБ Басқармасына жүгіне аласыз, соның негізінде объектіні жоспардан тыс тексеру жүргізілетін болады.

    Өтінішті "электрондық үкімет" порталы арқылы немесе е-өтініш жүйесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік органға жеке өзі келген кезде жіберуге болады. Бұл ретте өтініш ҚР АӨК 63-бабына сәйкес өтінішке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуге тиіс. Өтініштерді қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Елді мекендердің аумағында қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинауға және уақытша сақтауға арналған контейнерлік алаң қандай қашықтықта орналастырылады?

    Жауап

    Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен (бұдан әрі-Санитариялық қағи...

    ·
    Сұрақ

    Өткен жылдармен салыстырғанда тамақтану объектілеріне, оның ішінде тұрғын үйлерде және тұрғын үйлерге жапсарлас-жапсарлас орналасқан шағымдар санының өсуі туралы айтып беріңізші.

    Жауап

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес тамақтану объектісін орналастыру кезінде адам денсаулығына тіршілік ету ортасы факторларының зиянды әсеріне, адам денсаулығы үшін оның тіршілік ету (тұру) жағдайлар...

    ·
    Сұрақ

    Рұқсат құжаттары мен қызметтің басталуы туралы хабарламаларсыз объектілердің қызметін жүзеге асыру туралы айтып беріңіз.

    Жауап

    Қызметті жүзеге асыруды бастамас бұрын эпидемиологиялық маңызы жоғары объектіге санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алынуға тиіс; эпидемиялық маңызы шамалы объектілер үшін қызметтің басталғаны...

    ·
    Сұрақ

    Мектепке дейінгі ұйымдардың типтік және бейімделген ғимараттарындағы әртүрлі жастағы топтарға арналған дәретханалық бөлмелердің алаңына қойылатын санитариялық талаптар қандай?

    Жауап

    типтік мектепке дейінгі ұйымдар үшін дәретхана бөлмесі: мектеп жасына дейінгі топтар үшін кемiнде 16 м2 бөбектер жасындағы кемiнде 12 м2 бейімделген ғимараттарда орналасқан мектепке дейінгі ұйымдарға арналған дәретхана бөлмесі, оның ішінде сыйымдылығы 3 топқа дейінгі мектепке дей...

    ·
    Сұрақ

    Мектепке дейінгі ұйымдардағы ойын алаңдарына қандай талаптар қойылады?

    Жауап

    Жобалау кезінде объектілердің аумағында балалардың әрбір жас топтары үшін жеке ойын алаңдары көзделеді. Мектепке дейінгі ұйымдардағы алаңдарының көлемдері балалардың санына қарай бір орынға кемінде 4 шаршы метр болу қажет. Әрбір топтық алаңда күн мен жауын-шашыннан қорғау үшін үш...

    ·
    Сұрақ

    Өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік тіркеуге не қажет?

    Жауап

    Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасы мен кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарлардың бірыңғай тізбесіне сәйкес - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы эконом...

    ·
    Сұрақ

    Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың жоқтығы туралы анықтаманы қалай алуға болады?

    Жауап

    Карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың жоқтығы туралы анықтама алу үшін: төлқұжат беру; Астана қаласында тіркелгенін растайтын скриншотты көрсету; кеңсеге өтініш жазу: Достық көшесі, 13/3. Анықтаманы ресімдеу мерзімі 5-тен 10 жұмыс күніне дейін

    ·
    Сұрақ

    Cары безгекке қарсы вакцинацияны қайдан алуға болады?

    Жауап

    Көптеген елдерде, әсіресе Африка мен Оңтүстік Америкада, кіру үшін халықаралық сары безгекке қарсы вакцинация сертификаты қажет. Вакцинация сапарға дейін 10 күннен кешіктірілмей жасалуы керек. Қазақстанда сары безгекке қарсы вакцинация жүргізілмейді және елде вакцина жоқ. Сіз, мы...

    ·