Кім нотариус бола алады ?
Нотариалдық қызмет - бұл«Нотариат туралы» Заңда және ҚР өзге заңнамалық актілерінде көзделген нотариалдық әрекеттерді нотариустың жасауы. Нотариат, өз кезегінде нотариалдық әрекеттерді жасау жолымен заңды тұлғалардың және азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін білікті заңдық көмекті көрсету бойынша құқықтық институт.
Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады:
- 25 жасқа толған;
- жоғары заңдық білімі бар;
- 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар;
- Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен;
- әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен;
- нотариаттық қызметпен айналысу құқығын алғандар.