Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    ·
    Сұрақ

    Тауар таңбасын тіркеуге қандай құжаттарды ұсыну қажет?

    Жауап

    Тауар таңбасын тіркеуге өтінімге қойылатын талаптар Заңның 9-бабында белгіленген.

    1. Өтiнiм бiр тауар таңбасына қатысты болуға тиiс.

    2. Өтiнiм бiр үлгi бланкiде берiлуге және:

    1) өтiнiм берушiнi, сондай-ақ оның орналасқан жерiн немесе тұрғылықты жерiн көрсете отырып, белгілемеге сараптама жүргiзу туралы өтiнiштi;

    2) мәлiмделген белгiнi;

    3) Тауарлар мен қызметтердiң халықаралық сыныптамасына сәйкес тауарлардың және (немесе) қызметтердiң тiзбесiн қамтуға тиiс.

    Өтінiмге:

    1) сараптама жүргiзу жөнiндегi сараптама жасау ұйымы қызметтерiнiң ақысы төленгенiн растайтын құжат қоса тiркелуге тиiс. Төлем мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi;

    2) iс жүргiзу өкiл арқылы жүзеге асырылған жағдайда сенiмхат;

    3) ұжымдық тауар таңбасын өз атына тiркеуге уәкiлеттi ұйымның атауын, бұл таңбаны тiркеу мақсатын, осы таңбаны пайдалануға құқылы субъектiлер тiзбесiн, ұжымдық тауар таңбасымен белгiленетiн тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi мен бiрыңғай сапасын немесе өзге де сипаттамаларын, оны пайдалану шарттарын, оны пайдалануды бақылау тәртiбiн, ұжымдық тауар таңбасы жарғысының ережелерiн бұзғаны үшiн жауаптылықты қамтитын ұжымдық тауар таңбасы жарғысы (ұжымдық тауар таңбасына өтiнiм берiлген жағдайда) қоса тiркелуге тиiс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    AdiletGov қосымшасы жеке сот орындаушысы мен өзара іс-қимылды қалай жеңілдетеді?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жағдайында азаматтардың уәкілетті органдармен және лауазымды тұлғалар мен өзара іс-қимылының қолжетімділігі мен ыңғайлылығы ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда AdiletGov мобильді қосымшасы атқарушылық іс жүргізу саласында да кеңінен қолданылуда. Adi...

    ·
    Сұрақ

    ММИБ төрағасын қайта сайлау қалай жүргізіледі?

    Жауап

    ММИБ төрағасын өзгерту «Басшынының өзгергені туралы хабарлама» қызметі арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық хабарлама беріледі. Бұл ретте электрондық хабарлама беру кезінде құжаттардың көшірмелері (хаттама, шешім және т.б.) қоса берілмейді.

    ·
    Сұрақ

    Қоғамдық бірлестікті тіркеу үшін міндетті түрде меншік иесінің нотариалдық келісімін немесе заңды тұлғамен жалдау шартын ұсыну қажет пе?

    Жауап

    Ғимарат иесі жеке тұлға болған жағдайда меншік иесінің нотариалды келісімі, меншік иесі заңды тұлға болған жағдайда жалдау шартын немесе өзге де құжаттарды міндетті түрде ұсыну қажет.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер

    Жауап

    Мемлекеттік қызметшінің құқығы жоқ: 1) Өкілді органның депутаты болуға; 2) Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақылы қызметпен айналысуға; 3) Егер коммерциялық ұйымды басқаруға тікелей қатысу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның лауазымдық...

    ·
    Сұрақ

    Өтініш неше күн ішінде қаралады?

    Жауап

    Осы өтінішті қарау өкілеттігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде әкімшілік рәсімге қатысушыны бір мезгілде (хабардар ете отырып) уәкілетті әкімшілік органға, лауазымды адамға қа...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда Мемлекеттік қызметке қалай түсуге болады?

    Жауап

    Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе жаңадан кіретін азаматтар іріктеудің келесі кезеңдерінен өтеді: Мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеу; Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеу; Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға кон...

    ·
    Сұрақ

    Кім заң консультанты бола алады?

    Жауап

    Жоғары заң білімі бар, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар, аттестаттаудан өткен, заң консультанттары палатасының мүшесі болып табылатын және заң көмегін көрсететін жеке тұлға заң консультанты болып табылады. Заң консультанты заң көмегін дара кәсіпкерлік түрінде...

    ·