Өңірлік квотаға кіруге қажет құжаттар тізімі

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға кіруге қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.

    Қазақстан Үкіметінің қаулысымен 2023 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1925 адамға белгіленді.

    2023 жылы квота келесідей бөлінді: Павлодар облысы бойынша – 932, Қостанай облысы бойынша – 150, Ақмола облысы бойынша – 270, Абай облысы бойынша – 196, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 239, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 138 адам.

    Қандастардың (оралмандардың) тіркелген мекен-жайы: ШҚО, Павлодар, Ақмола, Абай, СҚО, Қостанай облыстарының бірінде болса ,өңірлік квотаға ене алады.

    Қазақстан Республикасының аумағына өз бетінше келген, қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына немесе тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш береді.

    Өтінішке қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен мынадай құжаттар қоса беріледі:

    • қандастың және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
    • неке немесе некені бұзу туралы куәліктің (бар болса) көшірмесі;
    • білімін, біліктілігін және белгілі бір мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) не еңбек кітапшасының (бар болса) көшірмелері немесе жұмыс орнынан анықтама.

    Жергiлiктi атқарушы орган, өңірлік квотаға енгізу туралы өтініш білдіруші қандастардың тізімін қалыптастырады және өтініштерді алған күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссияға жолдайды.

    Комиссия өтініш білдірушілердің тізімдерін алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Жергiлiктi атқарушы орган күнтізбелік 5 күн ішінде өтініш берушіге оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгені туралы шешімді жолдайды.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Ата жолы» картасынның иегерлеріне берілетін артықшылықтар мен құқықтар

    Жауап

    «Ата жолы» картасының иегері елге кірген кезде ұзарту құқығымен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады. «Ата жолы» картасының иегері: - медициналық мекемелерде кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде әлеуметтік төлемдер және қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасының Еңбек...

    ·
    Сұрақ

    «Ата жолы» картасы деген не?

    Жауап

    «Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат. «Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қол...

    ·
    Сұрақ

    Аймақтағы Фронт-кеңсе сарапшылары жайлы ақпарат

    Жауап

    Омарали Адилбекулы,Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А, №401 кеңсе, +7 701 722 1888 Ахметов Серыкхан Калибекович,Алматы және Жетісу облыстары,Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А, № 401 кеңсе, +7 702 077 77 04 Тулебаев Арқабек,Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Төле би көшесі – 6 Г,...

    ·
    Сұрақ

    ҚР азаматтығын алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматын өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан ты...

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға мемлекеттік бағдарлама аясында көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ тұрғы...

    ·
    Сұрақ

    Ықтиярхат алу тәртібі мен қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Тұрақты тұруға рұқсат негізінде ықтиярхат (шетелдік азаматтардың құжаты) алуға Халыққа қызмет көрсету орталықтарынақажетті құжаттар тапсырады. Аталған мекемелер ықтиярхатты, өтінішті қабылдаған сәттен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс. Қажетті құжаттардың тізбесі: жа...

    ·
    Сұрақ

    ҚР тұрақты тіркеуге тұру тәртібі мен құжаттары

    Жауап

    ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі. Сонымен қатар, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, тұрақты тіркелген қоныс аударушының бер...

    ·
    Сұрақ

    Қандас мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады. Қазақстан Республикасына келг...

    ·