Ықтиярхат алу тәртібі мен қажет құжаттар тізімі

    ·
    Сұрақ

    Ықтиярхат алу тәртібі мен қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Тұрақты тұруға рұқсат негізінде ықтиярхат (шетелдік азаматтардың құжаты) алуға Халыққа қызмет көрсету орталықтарына қажетті құжаттар тапсырады. Аталған мекемелер ықтиярхатты, өтінішті қабылдаған сәттен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірмей беруі тиіс.

    Қажетті құжаттардың тізбесі:

    • жарамды ұлттық паспорт;
    • өлшемi 3,5 х 4,5 см. екі фотосурет (қағаз түрінде);

    Азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеу үшін:

    1. мемлекеттік бажды төлеу туралы құжат;
    2. көлемі 3,5х4,5см үш фотосурет (формулярды қағаз жеткізгіште толтыру кезінде):
    3. келесі құжаттардың бірі:
    • жарамдылық мерзiмi аяқталған шетелдік паспорт;
    • азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;
    • 1974 жылғы үлгідегі паспорт (бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы);
    • әскери билет;
    • бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаны туралы анықтама;
    • Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу және азаматтығын өзгерту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес азаматтықты өзгерту туралы анықтама;
    • туу туралы куәлік (он алты жасқа дейінгі адамдарға ресімдеу кезінде);
    • Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері беретін оралу куәлігі (шетелде уақытша жүрген азаматтығы жоқ адамның куәлігі жоғалған кезде).

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    «Ата жолы» картасынның иегерлеріне берілетін артықшылықтар мен құқықтар

    Жауап

    «Ата жолы» картасының иегері елге кірген кезде ұзарту құқығымен 10 жыл мерзімге тұруға ықтиярхат алады. «Ата жолы» картасының иегері: - медициналық мекемелерде кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде әлеуметтік төлемдер және қызмет көрсету; - Қазақстан Республикасының Еңбек...

    ·
    Сұрақ

    «Ата жолы» картасы деген не?

    Жауап

    «Ата жолы» картасы – шетелдегі этникалық қазақтар үшін Қазақстанда бизнес жүргізу мақсатында көшіп келушілерге немесе талап етілген кәсіптері бар адамдарға берілетін құжат. «Ата жолы» картасы он жылға дейінгі мерзімге беріледі. Дегенмен, ол өтініш берушінің ұлттық паспортының қол...

    ·
    Сұрақ

    Аймақтағы Фронт-кеңсе сарапшылары жайлы ақпарат

    Жауап

    Омарали Адилбекулы,Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А, №401 кеңсе, +7 701 722 1888 Ахметов Серыкхан Калибекович,Алматы және Жетісу облыстары,Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А, № 401 кеңсе, +7 702 077 77 04 Тулебаев Арқабек,Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Төле би көшесі – 6 Г,...

    ·
    Сұрақ

    ҚР азаматтығын алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматын өзінің азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан ты...

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Өңірлік квотаға енгізілген қандастармен біржолғы мемлекеттік жәрдемақы алу тәртібі және қажетті құжаттар тізімі Өңірлік квотаға енгізілген қандастарға мемлекеттік бағдарлама аясында көшіп келген отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем, сондай-ақ тұрғы...

    ·
    Сұрақ

    Өңірлік квотаға кіруге қажет құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы– Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлеке...

    ·
    Сұрақ

    ҚР тұрақты тіркеуге тұру тәртібі мен құжаттары

    Жауап

    ҚР тұрақты тұруын растайтын құжат – бұл тұру ықтиярхаты. Тұру ықтиярхатын алу үшін тұрақты тұруға рұқсат алу қажет. Рұқсат аумақтық полиция департаметтерінде беріледі. Сонымен қатар, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу, тұрақты тіркелген қоныс аударушының бер...

    ·
    Сұрақ

    Қандас мәртебесін алу үшін қажетті құжаттар тізімі

    Жауап

    Қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жеңілдіктер, өтемақылар және әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуға үміткер бола алады. Қазақстан Республикасына келг...

    ·