Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын жайлар немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлар осы елді мекенде тұрақты тұратын, тұрғын үйге мұқтаж және есепте тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына берiледi:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
1-1)жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
1-2) көпбалалы отбасылар;
- халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын табысы аз топтары;
- жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар;
- мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер және сайланбалы мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар.
Халықтың әлеуметтiк жағынан қорғалатын топтарына келесі азаматтар жатады:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары;
1-1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушыларына теңестiрiлгендер;
2)I және II топтағы мүгедектер;
3) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;
4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма үш жасқа толмаған жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
7)қандастар;
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
9) көп балалы отбасылар;
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
11)толық емес отбасылар.
Тұрғын үй кезегіне тұру үшін ақпараттық жүйелер платформасы «Kezekte.KZ» сервис арқылы ЭСҚ –мен (ЭЦП) өтініш беру қажет.