«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1 бабына сәйкес:
1.Коммерциялық емес ұйымдардың, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар филиалдары мен өкілдіктерінің (оқшауланған бөлімшілерінің) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы, - ескерту жасауға алып келеді.
2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), - жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не үш ай мерімге қызметін тоқтата тұруға алып келеді.