Инфрақұрылым жүргізгенде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Инфрақұрылым жүргізгенде кәсіпкерлерге қандай қолдау көрсетіледі?

    Жауап

    «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды шағын және орта кәсіпкерлік жобаларына жүргізу қарастырылған. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде қызметтерін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу және газ құрылғылары инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.

    Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін жүзеге асырылады:

    1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн. теңгеден кем болмауы тиіс;

    2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу млн. теңгеден кем болмайды, бұл ретте инфрақұрылымды салудың (реконструкциялаудың) (коммуникациялардың барлық түрлеріне) барынша көп сомасы 1 (бір) млрд. теңгеден аспауы тиіс.

    Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының/индустриялық аймақтарды құру және дамыту жобасы құнының 50%-ынан аспауы тиіс.

    Кәсіпкер жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:

    1) бизнес-жоспар;

    2) мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

    3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...