Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында бірнеше мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар жүзеге асырылуда. Сондай бағдарламалардың бірі «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Бағдарлама аясында несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, несиені ішінара кепілдендіру, мемлекеттік гранттар беру қарастырылған. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер несие алар кезде кепіл мүлкі жетіспеген жағдайда 85 % - ға дейін, ісін жалғастырушы кәсіпкерлерге 50 %-ға дейін кепілдеме беру қарастырылған. Жобаңыз жаңа бизнес-идея болып жатса, мемлекет тарапынан қайтарымсыз сомасы 2 (екі) млн. теңгеден
5 (бес) млн. теңгеден аспайтын грант ұтып алуға мүмкіндік бар. Яғни, аталған грантты ұтып алу үшін, сіздің жобаңыз сол орналасқан өңірде жоқ немесе бұрын қолданылмаған инновациялық, жаңа технологиялар арқылы жүзеге асуы қажет. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қала және моно қала кәсіпкерлеріне сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%-дан аспайтын, несие мерзімі 5 жыл қала кәсіпкерлеріне 23 млн.теңгеге дейін несие беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтарына 7 жылға дейін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды.