Бруцеллез ауруына қандай мал түрлері тексеріледі?
«Ветеринариялық(ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы №7-1/587 бұйрығының талаптарына сәйкес мүйізді ірі қара (сиыр), мүйізді ұсақ қара (қой мен ешкі) малдары 1 жасқа толғаннан кейін жылына 2 рет, ал түйе малы 1 жасқа толғандары жылына 1 рет рет бруцеллез ауруына серологиялық тексерістер жүргізілуі тиіс.