Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы №408-бұйрығымен бекітілген «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» өзгерістер мен толықтырулар (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 23 маусымдағы №190 бұйрығы):
1) бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдас балықтар мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды
сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызын (бұдан әрі – %);
2) балық өсіру материалдарын сатып алу шығыстарының 50%-ын;
3) балық өсіру-биологиялық негіздеме шығыстарының 50%-ын;
4) дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50%-ын;
5) балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50%-ын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналады.