Өсімдік шаруашылығын қолдау бағытында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №107 бұйрығымен бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес 3 бағыт:
1)тыңайтқыштардың құнын субсидиялау. Бұл бағытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тыңайтқыш жеткізушілерінен сатып алған минералдық тыңайтқыштар құнының 50% көлемі;
2)пестицидтердің құнын субсидиялау. Егістікте арам шөптерге қарсы пайдалану үшін пестицид жеткізушілерден сатып алынған гербицид шығындарының 50% көлемі;
3)тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау. сатылып алынған картоп, мал азықтық дақылдарының элиталық, 1 репродукциядағы немесе 1 будан тұқымдары немесе жеміс-жидек ағаштарының элиталық көшеттерін сатып алу шығындарының 50% көлемі субсидияланады.
Бұл ретте жоғарыдағы бағдарламалар бойынша субсидиялау нормалары бекітілгенде тыңайтқыштар, пестицидтер немесе ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым жеткізушілерінің 1 бірлікке ұсынған (ҚҚС қосылмаған) ең төменгі бағасы есепке алынады.
Сондай-ақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы «Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау туралы» №6-3/597 бұйрығымен бекітілген субсидиялау қағидаларына сәйкес су жеткізу шығындары тарифінің 85% көлемі субсидияланады.
Бұл субсидиялық қолдауды Су жеткізушіден (біздің өңірде аумақтағы суару-суландыру жүйелері арқылы 2 жақты келісім шарттары негізінде су жүйелері (каналдар) арқылы су жеткізуші «Қазсушар» РМК мекемесі) егістік, шабындық алқаптарға су алушылар пайдаланады.