Облыста жергілікті егін шаруашылығы өнімдерін өндіруде қандай жағдайдамыз, ілгерілеуші- ліктер бар ма?

    Атырау облысының әкімдігі

    Сұрақ

    Облыста жергілікті егін шаруашылығы өнімдерін өндіруде қандай жағдайдамыз, ілгерілеуші- ліктер бар ма?

    Жауап

    Өзіңізге белгілі аумақтың климаттық жағдайларына байланысты егістік тек қана суармалы алқаптарда өсіріледі және егіс алқаптарының негізі орташа және шағын шаруа қожалықтарының иеліктерінде өсірілуде. Негізгі өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдары көкөніс, бақша, картоп және мал азықтық дақылдары (жонышқа, бір жылдық екпе шөптер, сүрлемдік жүгері, т.с.с.).

    Соңғы бес жылдағы көрсеткіштерді салыстырсақ, 2016-2020 жылдар:

    - егістік көлемі 7 604 гектардан, 9 327 гектарға немесе 122%-ға ұлғайып отыр;

    Өнім көлемдері:

    - көкөністер 71 703 тоннадан, 90 243 тоннаға немесе 125,8%-ға;

    - бақша 28 988 тоннадан, 36 764 тоннаға немесе 126,8%-ға;

    - картоп 25 236 тоннадан, 28 642 тоннаға немесе 113,5%-ға ұлғайды, тиісінше гектар өнімділігі де артуда. Өнім өндіру көрсеткіштері артуына ауыл шаруашылығы саласындағы бюджеттік бағдарламалар аясындағы субсидиялық қолдаулардың, өндіріске озық технологиялардың кеңінен тартылуы және азаматтардың егін шаруашылығымен айналысуға ынта жігерлері нәтижесі деп есептейміз.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Көпқабатты тұрғын үйге қызмет көрсететін ұйымды қалай білуге болады?

    Жауап

    - 1. Үйге қызмет көрсететін ұйым туралы ақпаратты ПИК/МИБ-тен немесе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінен алуға болады. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй секторына жауапты жергілікті орган бол...

    Сұрақ

    Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мүмкін бе?

    Жауап

    -Аулаға жаяу жүргінші жолын салу мәселесі бекітілген жоспарлар мен бюджетке сәйкес қаралады. Егер аула ортақ пайдалану аумағы болса – жергілікті әкімдік арқылы шешіледі. Егер жер кондоминиумға (үйге) тиесілі болса – тұрғындардың келісімі міндетті. Қазақстан Республикасының 2001 ж...

    Сұрақ

    Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

    Жауап

    - Қаладағы мәдени іс-шаралар туралы ақпарат бірнеше ресми және жедел ақпарат көздері арқылы таратылады. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар: Ресми сайттар (негізгі және сенімді ақпарат) Әкімдіктің ресми сайтында іс-шаралардың жоспары, уақыты, орны нақты көрсетіледі; Бұл – ең сенімді ж...

    Сұрақ

    Қала аумағын көгалдандыру бойынша ұсыныс қалай беріледі?

    Жауап

    - 1. Ұсыныс дайындау. Ұсыныста мыналар көрсетіледі: көгалдандыру қажет нақты аумақ (көше, аула, саябақ, бос жер); қандай жұмыстар қажет (ағаш отырғызу, гүлзар, газон, суару жүйесі т.б.); не үшін қажет екені (шаң, ыстық, қауіпсіздік, көрік беру); өтініш берушінің аты-жөні, байланы...

    Сұрақ

    Медициналық ұйымға (емханаға) қалай бекітілуге болады?

    Жауап

    - Көрсетілетін қызметті тұрғылықты жері өзгерген жағдайда (көшіп – қону), бекітілімнің медициналық ұйымын (жылына 2 мәрте еркін бекітілуге болады), бекіту науқаны кезінде 1 қыркүйектен 1 қарашаға дейін (бекіту келесі жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді) пайдалануға болады. ҚР Д...

    Сұрақ

    Қандай жағдайда дәрігерді үйге шақыруға болады?

    Жауап

    - Дәрігерді үйге шақыру – бұл науқастың жағдайына байланысты медициналық бақылау мен көмек алу мүмкіндігі, әсіресе, ол емханаға немесе стационарға өздігінен бара алмайтын жағдайда қолданылады. Қазақстан Республикасында бұл қызмет ГОБМП (гарантталған тегін медициналық көмек) және...

    Сұрақ

    Жедел жәрдем қандай жағдайда шақырылады?

    Жауап

    - Жедел жәрдем – бұл науқастың өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайларда дереу медициналық көмек көрсету қызметі. Қазақстан Республикасында жедел жәрдем қызметі ГОБМП (Гарантталған тегін медициналық көмек) және МӘМС жүйесі аясында тегін көрсетіледі. Жедел жәрдем шақыруға кө...

    Сұрақ

    ҚР-дағы Тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін қандай жауаптылық көзделген?

    Жауап

    - "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" ҚР заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75,455-баптарына сәйкес жүзеге асырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 75-бабына сәйкес тіл туралы заңның 21-бабында көрсетілген талаптарды са...